Қызылорда облысының архив қорындағы құнды құжаттар көрмеге қойылды. Бұрын-соңды жарияланбаған мәліметтер қалың бұқараның назарына ұсынылды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.
Сонау 1933 жылы Сыр бойында қаңтар-маусым аралығында аштықтан 2 мыңға жуық баланың бақилық болғанын айғақтайтын анықтамалар тарихшылар үшін тың ақпарат болды. Отбасын аштықтан сақтап қалу мақсатында Тәжікстанның Исфара ауданына көшіп барған азаматтардың елге қайтуға қаржы сұрап жазған өтініштері де зұлматты жылдардың зобалаңын айқындай түсті. Архив қорындағы Сыр тарихының шежіресін ақтарған көрме ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Тағлымды шара аясында тарихшылар дөңгелек үстелде бас қосып, архив ісін дамыту тұрғысындағы түйткілдерді талқылады.