Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ислам Салимов бүкіләлемдік спорт ойындарына қатысады

 Ислам  Салимов бүкіләлемдік спорт ойындарына қатысадыҚытайдың Пекин қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Гран-при халықаралық жарысы өтті. Оған Азия және Еуропа  құрлығынан  13 елдің спортшылары қатысты. 
Қазақстанның намысын 3 спортшы қорғап, 1 алтын, 2 қола медальді олжалады. Айтулы сында жақсы өнер көрсеткен жерлесіміз Ислам Салимов ұзындыққа секіруден жеңімпаз атанса, 200 метрге жүгіруден қола жүлдені иеленді. Исламның бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеевтің айтуынша, осы турнирдің қорытындысы бойынша Ислам 8-18 мамыр аралығында Оңтүстік Корея елінің Сеул қаласында болатын  Бүкіләлемдік спорт ойындарына қтысады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: