Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Шығыс Арал бойындағы көне қалалар ізімен

Тарихи дәстүр, антикалық заман авторларының еңбектерінде Яксарт, ортағасырлық түрік — Йинчю-угуз, араб тілінде- Сейхун, яғни екі дүниенің, атап айтсақ Солтүстік Тұран мен Оңтүстік Иранның, малшы мен егіншінің, қала мен даланың шегі деп аталып кеткен, Сырдария туралы түсінікті сақтады.
Арал маңы аумағының қазақстандық бөлігі, яғни Шығыс Арал маңы, шығыстан Арал теңізіне жалғасатын, құрғап қалған ескі өзен арналарымен тілімденген балшықты жазық түрінде болып келеді. Аймақ пішіні аса үлкен үшбұрышқа ұқсайды, жер аумағының кеңдігі 400 шаршы шақырымнан асып кетеді, ал меридинды бағытта — 200–250 шаршы шақырым.
Шығыс Арал маңы аумағында Сырдария арналары: Іңкәрдәрия, Жаңадария, Қуаңдария, Ескідариялык деп төртке бөлінеді. Олар Қызылорда қаласынан оңтүстікке қарай, яғни сырдарияның арнасынан, радиалды бағытта тарап кетеді. Әртүрлі екі мәдениеттің өзара әрекеттесу ауданы болған, оны тағы да миграциялық сауда жолдарының қиылысы деп айтуға болады, мұнда әртүрлі халықтар бірге өмір сүрген; сондықтан да бұл өңірді С. П. Толстовтың «этногенездің аралдық торабы» деп атауына себеп болған.
Арал маңы мен Оңтүстік Қазақстанды археологиялық зерттеу XIX ғ. екінші жартысында қазақ жері Ресей бодандығына бойұсынғаннан кейін басталды; кеңестік кезеңде кең масштабты зерттеулер жүргізілді. 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы аталған ауданның көне мәдениетін зерттеуге даңғыл жол ашты. Сырдария арналарының қасында орналасқан көптеген қалашықтарда археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қазба жұмыстары барысында тек кейбір дереккөздерде көрініс тапқан тарихқа байланысты көптген мәліметтер жиналып, өңделіп, сұрыпталған. Материалдық тұрғыдан қалалар қоғамның ажырамайтын бөлігі болды — құрылыстар, көшелер, еңбек пен тұрмыс заттары социумның материалдық өмірін ашып, оның әлеуметтік құрылысы, ішкі үдерістері мен рухани ізденістері жайында толық мәліметтер бере алады…
Тарих саласы және Шығыс Арал маңы аумағының археологиясында қызықты және өзекті мәселелердің бірі — көне қалаларды кешенді тұрғыдан зерттеу және олардың орналасу орындарын нақты анықтау. Нарративтік деректемелерде осындай қалалар туралы жазылған. Осындай қалалардың ішінде Жент, Асанас, Баршынкент және басқалары да бар.
Ортағасырлық Жент қаласымен көптеген тарихи оқиғалар байланысты. Олардың ішінде X ғасырдағы Жент облысы мен Жент қаласының аумағындағы сельджуктердің басшылығымен оғыз бен түрікмендердің бір бөлігінің көші-қонуы; Селжүктердің Жанкент билеушісі Әлимен және оның ұлы Шах Мәлік пен сельжүктердің күресі; 1220 жылы Жошы хан бастаған моңғолдарың Жентті жаулап алып, қаланы өздерінің ордасына айналдыруы; Ходжент билеушісі Темір-Мәліктің моңғолдармен күресуін де Жент қаласының атауы кездеседі. Қала атауымен тұтас бір облыс аталды, ал Арал теңізі Жент көлі деп аталды. Қызылқұм шөлі Жент шөлі деп аталған.
Қызылордадан 115 шақырымда орналасқан Жент қалашағындағы 1946, 1958, 1961 жылдары Хорезм археологиялық экспедициясын басқарған С. П. Толстовтың жетекшілігімен археологиялық жұмыстар жүргізілді. Жұмыс нәтижелері бойынша осы ескерткіш Жент қаласына теңдестірілді. Бұл қорытынды ғылыми әдебиетке еніп, зерттеушілер тарапынан көптеген жылдар бойы оң бағасын алып 
Қала X–XII ғасырларда өзінің дамуының шырқау шыңына жеткен, осы кезде оны моңғолдар жаулап алған. Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі кезеңде қала өмірі жалғасты. Жамал әл-Қарши оны «түкке тұрмайтын қала» деп атады, бірақ онда «онда қызу базар болған және көпестер пайда табу мақсатымен жиі барған». Нумизматикалық материалға қарағанда, XIV–XVI ғасырларда қала өз монеталарын шығарған.
2009 жылы Д. А. Воякин басшылығымен, Қызылорда облыстық әкімдігінің қолдауымен, «Археологиялық сараптама» компаниясы Жаңақаланы зерттеуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырды.
Қалашақ Жаңадария арнасынан шығысқа қарай 6 шақырым жерде орналасқан. Басқа ортағасырлық қалалар сияқты онда өз қамалы, шахристаны, рабаты болған. Қамал бірнеше элементтерден — сарай, оны қоршаған сыртқы қабырға мен бұрыштағы солтүстік-шығыс мұнаралардан тұрған. Қамалдың сыртқы қабырғасының ені 1 метр болған, ол сарайды қоршап, қамалдың ішкі кеңестігін қалыптастырған. Қамалдың өлшемдері: 75×75 м еді. Орталықтағы құрылыс шартты түрде сарай деп аталған, оның өлшемі: 37×28 м болды. Диаметрі 8 метр болған сегіз бұрышты мұнара қамалдың солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан. Бекініс айналасында ор болған, батыс бөлігінде ені 20 метрді құрған, мұнда сұйыққойма (4 метрге дейін) да болған.
Шахристанды ені 5 метрге дейін жеткен қабырға қоршаған. Қазіргі кезде қиратылған, қабырғаның биіктігі 0,2 метрден 3 метрге дейін жеткен. Шахристан аумағы: 23 гектар.
Зерттеу жұмыстарының барысында көтермелі материал жинақталған. Негізінде керамика, монеталар, металлдан жасалған бұйымдар, ирандық люстр және қытай фарфоры. Керамиканың бірнеше түрі болған: шыны әшекеймен жалатылған және жалатылмаған керамика, қалыпталған, импорттық. Қалашықтың керамикалық кешені XIV -XVI–XVII ғасырлар аралығына жатады. Жаңақаланың нумизматикалық материалының ішінде 108 мыс және 15 күміс монета бар. Нумизмат А. Пачкаловтың анықтамасы бойынша табылған монеталардың ішінде Жаңақалада шығарылған монеталар жоқ. XIV ғасырдағы Хорезм монеталары монета айналымында үстем болған.
Керамикалық кешендер мен қаладағы сәулет орындарына жүргізілген нумизматикалық талдау нәтижесі бойынша Жаңақаланы ортағасырлық Жент қаласына теңестіру болжамы негізсіз жасалған тұжырым деп айтуға болады.
Осылайша жүргізілген зерттеулердің, Жаңақаланың жаңа археологиялық материалдары бойынша Жанқаланың орнында Жент болған деп айтуға мүмкіндік бермейді, оның басты себебі -мұнда моңғол дәуіріне дейінгі материалдың жоқтығы. Мұнда XIV ғасырдан бұрын болған замандарға жататын не керамика, не монеталар табылмаған; сондықтан да Жент қаласын іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру керек. Бәлкім, Сауран және Янгикент қалаларына байланысты бір оқиға орын алған: моңғолдардан кейінгі дәуірде осы секілді қалалар басқа орынға «көшкен». Осылай, моңғолдардан кейінгі кезеңде Сауран (Қаратөбе қалашығы) батысқа қарай 5 шақырым жерде жаңадан салынған, XIII–XVIII ғасырлардағы жаңа Сауран қалашағы оған сәйкес келеді. Тура осындай жағдай Янгикентпен (Жаңакент қалашағы) де болған. Ол бірінші ғасырлар-XIII ғасырдың басындағы заманмен даталанады. Оның қасында, яғни одан солтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде, жаңа Янгикент салынып жатыр, ол қаланы Мыңтөбемен теңестіруге болады.

Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: